1. Жалпы шарттар1.1. Осы Тұтынушылық келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) "Voltau" мобильді қосымшасын (бұдан әрі - "қосымша") Жеткізуші мен Пайдаланушы арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейді.
1.2. Осы Келісімшартта төмендегідей түсініктер пайдаланылады:
- Мобильді қосымша («Voltau», ары қарай – Қосымша) – бұл «Voltau» ЖШС шығарған негізгі функционалы мүмкіндігі электромобильдерді қуаттауға арналған жеке қолданба;
- Қосымшаны Пайдаланушы (ары қарай - Пайдаланушы) – осы Келісімшарттың шарттарымен келіскен және Қосымшаны қолданатын кез келген жеке тұлға;
- Жеткізуші – Қосымшаға ие компания
- Дербес деректер – Қосымшаны қолдану барысында Пайдаланушы ұсынған толық аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), электронды поштасының мекенжайы, мобильді телефонының нөмірінен тұратын ақпарат. Пайдаланушы ұсынған жеке (дербес) деректерінің дұрыстығы мен толық болуына жеке жауап береді және қажет болған жағдайда уақтылы өзгертіп (жаңартып, тексеріп, түзетіп) отыруға міндетті.
1.3. Осы Келісімшартта жазылған басқа да терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолдансытағы заңнамасымен түсіндіріледі.
2. Келісімшарттың мәні2.1. Осы Келісімшарт Қосымшаны пайдалану тәртібін айқындайды. Қосымшаны пайдалану арқылы оның шарттарын оқығаныңызды, түсінгеніңізді және орындауға келісетініңізді растайсыз.
2.2. Кез келген шағымдар мен даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады.
2.3. Осы Келісімшартты Жеткізуші кез келген уақытта және Пайдаланушыға хабарлаусыз өзгерте алады. Келісімнің жаңартылған нұсқалары
www.voltau.kz сайтында орналастырылады. Өзгертулер енгізілгеннен кейін қолданбаны одан әрі пайдалану Пайдаланушының өзгерістерді қабылдағанын білдіреді. Келісімшарттың шарттарындағы жаңартуларды Пайдаланушы www.voltau.kz сілтемесі арқылы Voltau порталын Келісімшарт шарттарындағы өзгерістерді өз бетінше тексеріп отыруға міндеттеледі.
2.4. Осы Қосымшаны пайдалану арқылы Пайдаланушы электромобильдерді энергиямен жабдықтау қызметін алуға және төлеуге мүмкіндік алады.
2.5. Бұл Қосымша Пайдаланушының қалауын, ІР-мекенжайын немесе пайдаланатын құрылғысының түрін сақтап, Қосымшаға кіру мен жұмсаған трафигінің статистикасын жүргізу мақсатында, Пайдаланушының экранына шығатын деректерді дербестендіру үшін және сонымен қатар әртүрлі құрылғылардан кірген кезде Пайдаланушыны сәйкестендіруге қажет деректерді сақтау үшін, жарнамаларды Пайдаланушының қызығушылығы мен қалауына сәйкес көрсету үшін, белгілі бір Куки файлдарын қолданады.
Қосымша Жеткізушіге тиесілі куки файлдарын да, сонымен қатар үшінші тараптардың да Куки файлдарын пайдалана алады. Қосымша мынадай Куки файлдарын пайдаланады:
2.5.1. Трафикті бақылау және деректерді беру, Пайдаланушыларды анықтау және Пайдаланушыға Қосымша мазмұнына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қажет және онсыз Қосымшаны пайдалану функционалды түрде шектеулі, сондай-ақ Пайдаланушының мүдделеріне сәйкес келмейтін ұсыныстардың берілуіне жол бермейтін техникалық (функционалды) Куки файлдарын.
2.5.2. Пайдаланушылардың сайтқа кіру жиілігін бақылау, Қосымшаны Пайдаланушының қолдану жолдарын анықтау және Пайдаланушы үшін танымал немесе қызықты мазмұн түрін анықтау үшін қажет статистикалық Куки файлдарын.
2.5.3. Қосымшада құрылғының экранына шығарылатын мазмұнды жекелендіру үшін пайдаланушының орналасқан жерін анықтауға қажет геолокациялық куки файлдарын.
2.5.4. Пайдаланушының рұқсатымен үшінші тұлғалар белгілейтін және Пайдаланушының Интернет желісіндегі мінез-құлқына және/немесе Пайдаланушыға жекелендірілген жарнамалық немесе маркетингтік материалдарды жіберуге және/немесе тауарлар мен қызметтерді ұсынуға қатысты статистикалық зерттеулер жүргізуге арналған үшінші тұлғалардың куки файлдарын.
Пайдаланушы кез келген уақытта смартфондағы, планшеттегі, сағаттағы немесе басқа мобильді құрылғыдағы белгілі бір параметрлерді өзгерту арқылы Қосымшадағы куки файлдарын өшіруге құқылы. Оларды өшіргенде Пайдаланушының Қосымшаға және/немесе оның функционалды мүмкіндіктеріне кіруін шектеуге немесе өзгертуге әкелуі мүмкін.
3. Қосымшадағы Тауарлар мен Қызметтерге картамен төлеу және төлем карталарын сақтау процессі 3.1. Интернет арқылы төлеу қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің Ережелеріне сәйкес төлем жасаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарында жүзеге асырылады, ол үшін деректерді тексерудің, шифрлаудың және жабық байланыс арналары арқылы берудің ең заманауи әдістері пайдаланылады. Банк картасының деректерін енгізу Freedompay төлем сервисінің қорғалған төлем бетінде жүзеге асырылады.
3.2. Банктік карта деректерін енгізетін бетте карта нөмірін, карта иесінің атын, картаның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (Visa үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) жазу керек. Барлық қажетті деректер картаның өзінде басылған. Үш таңбалы қауіпсіздік коды - картаның артқы жағындағы үш сан. Карта параметрлерін жазғаннан кейін Пайдаланушы SMS арқылы келген 3D Secure кодын енгізу үшін банк бетіне қайта бағытталады. Егер 3D Secure коды Пайдаланушыға келмесе, картаны берген банкке хабарласу керек.
3.3. Картаны 3.2-тармақта көрсетілгендей сақтағаннан кейін және зарядтау сессиясы басталған жағдайда, Пайдаланушы қосымшада көрсетілген прайсингке сәйкес тарифтеледі. Зарядтау сессиясы процесінде және зарядтау сессиясы үшін 1000 теңгеге тең сомаға жеткен кезде Пайдаланушының сақталған картасынан, егер ол қосымшада зарядтау сессияларын төлеу тәсілі ретінде таңдалса, акцептісіз (шот иесінің өкімінсіз), яғни қаражатты автоматты түрде шешіп алады.
3.4. Төлем төмендегідей жағдайда жүргізілмеуі мүмкін:
- банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, оны Пайдаланушы Банкіне хабарласу арқылы біле алады;
- банк картасында төлем жасауға қаражат жетпейді. Пайдаланушы банк картасындағы қаражаттың мөлшері туралы толығырақ банк картасын шығарған Банкке хабарласу арқылы біле алады;
- банк картасының деректері қате енгізілген;
- банк картасының мерзімі аяқталған. Картаның жарамдылық мерхімі әдетте картаның алдыңғы жағында көрсетіледі (ол карта жарамы ай мен жыл). Пайдаланушы картаның жарамдылық мерзімі туралы толығырақ банк картасын шығарған Банкке хабарласу арқылы біле алады;
3.5. Банктік карта арқылы төлеу мәселелері және қосымшаның жұмысына байланысты басқа да сұрақтарды Пайдаланушы мына e-mail-ге жолдай алады: support@voltau.kz.
3.6. Пайдаланушы ұсынған дербес деректер құпия және оларды жариялауға болмайды. Банк картасының деректері тек шифрланып жіберіледі және Жеткізушінің Web-серверінде сақталмайды. Дербес деректерді сақтау шарттары осы Келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын «Құпиялылық саясатында» көрсетілген.
4. Тауарлар мен қызметтерді қайтару ережелері4.1. Картамен төлеген жағдайда қолма-қол ақшамен қайтарылмайды. Қайтару тәртібі халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі.
4.2. Тауарларды немесе қызметтерді қайтару үрдісі «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңның 14-бабымен реттеледі.
4.3. Қаражатты банк картасына қайтару үшін "Қаражатты қайтару туралы өтінішті" толтыру қажет, оны Жеткізуші Пайдаланушының өтініші бойынша электрондық мекенжайына жібереді және оны төлқұжаттың көшірмесімен бірге support@voltau.kz мекенжайына жіберу керек.
4.4. Қаражат Пайдаланушының өтініші бойынша Жеткізуші «Қаражатты қайтару туралы өтінішті» алған күннен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күнінің ішінде өтініш қаралған соң, төлем жасалған банк картасына қайтарылады.
4.5. Қателіктермен жүргізілген операциялар бойынша ақшалай қаражатты қайтару үшін жазбаша өтінішпен және төлқұжаттың, қате есептен шығарылғанын растайтын түбіртектердің көшірмесімен жүгіну қажет. Ол өтінішті
support@voltau.kz мекенжайына жіберу керек,
4.6. Өтінішті қарау және ақшалай қаражатты қайтару мерзімі Жеткізуші өтінішті алған сәттен бастап, мереке/демалыс күндерін санамай, жұмыс күндермен есептеледі.
5. Меншік құқығы5.1. Пайдаланушы Қосымшада көрсетілген немесе онымен бірге жүретін кез келген авторлық құқықты, фирмалық белгіні немесе басқа авторлық құқық иесінің нұсқауларын алып тастай алмайды, өзгерте немесе жасыра алмайды.
5.2. «Voltau» сауда маркасы және оған қатысты барлық графикалық кескіндер, логотиптер, қызмет көрсету туралы кез келген ақпарат және Қосымшаға қатысты немесе оған байланысты пайдаланылатын фирмалық атаулар «Voltau» фирмалық белгілері болып табылады және үшінші тараптың өнімдері мен қызметтеріне қатысты рұқсатсыз пайдаланыла алмайды. Қосымшада пайда болуы мүмкін фирмалық белгілер, қызмет көрсету белгілері және үшінші тараптардың фирмалық атаулары тиісті иелердің меншігі болып табылады.
6. Кері байланыс6.1. Пайдаланушы Жеткізушіге электрондық пошта, телефон қоңырауы, мессенджердегі хабарлама және басқа да құралдар арқылы жіберген кез келген идеялар, құжаттар және/немесе ұсыныстар (бұдан әрі - "Кері байланыс") және Жеткізушінің Пайдаланушы алдындағы осындай кері байланысқа қатысты қандай да бір міндеттемелерін (оның ішінде құпиялылық міндеттемелерін) жасамайды. Пайдаланушы кері байланыс жіберу үшін қажетті барлық құқықтарға ие екенін мәлімдейді және кепілдік береді. Осымен Пайдаланушы Жеткізушіге толық төленген, тегін, мерзімсіз, қайтарып алынбайтын, Дүниежүзілік, эксклюзивті емес және толық сублицензияланатын құқықты және пайдалануға, көбейтуге, орындауға, көрсетуге, таратуға, бейімдеуге, өзгертуге, қайта пішімдеуге, туындыларды жасауға және өзге де жолмен кері байланыстың кез келген тәсілімен коммерциялық немесе коммерциялық емес пайдалануға, сондай-ақ сублицензиялау құқығын, сонымен қатар Қосымшаны, Жеткізушінің кез келген басқа өнімдерін немесе қызметтерін пайдалануға және қызмет көрсетуге байланысты жоғарыда аталған құқықтарды береді.
7. Тараптардың жауапкершіліктері7.1. Осы Келісімшарт тараптарының барлығына немесе біреуіне зиян келтіруге әкеп соққан осы Келісімшарттың шарттары бұзылған жағдайда, кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7.2. Жеткізуші оған тәуелсіз себептерден туындаған немесе Қосымшаға және оның компоненттеріне қызмет көрсету бойынша жоспарлы немесе жоспардан тыс іс-шаралар жүргізілген жағдайда қосымшаның және оның компоненттерінің жұмысындағы техникалық уақытша іркілістер мен үзілістер үшін жауапты болмайды.
7.3. Жеткізуші байланыс желілерінің жұмысындағы уақытша іркілістер мен үзілістер, өзге де ұқсас іркілістер үшін, сондай-ақ Пайдаланушы қосымшаға және оның компоненттеріне қол жеткізуді жүзеге асыратын компьютердің, мобильді байланыс құрылғысының ақаулары үшін жауапты болмайды.
7.4. Жеткізуші басқа Пайдаланушылардың және Қосымшаның кез келген басқа мүшелерінің әрекеттері үшін пайдаланушы алдында жауап бермейді.
7.5. Жеткізуші төмендегідей жағдайларда жоғалған пайданы, пайдаланудан келтірілген залалды, деректердің жоғалуын немесе басқа да материалдық емес шығындарды, беделге нұқсан келтіруді және одан туындайтын өзге де залалды қоса алғанда, кез келген тікелей, жанама залал үшін жауапты болмайды:
- Пайдаланушылар Қосымша мен оның компоненттерін пайдаланғанда немесе пайдалана алмаған жағдайда;
- Жеткізуші Келісімшарт шарттарын өзгерткенде;
8. Тұтынушылық келісімшарттың жарамдылық мерзімі мен одан бас тарту шарттары8.1. Бұл Келісімшарт Пайдаланушы оны қабылдаған күні (жоғарыдағы 2-тармақта сипатталғандай) күшіне енеді және егер осы Келісімшартқа сәйкес ертерек тоқтатылмаса, Пайдаланушы Қосымшаны пайдаланғанға дейін әрекет етеді.
8.2. Пайдаланушы осы Келісімшарт келесі жағдайдың біреуі бірінші орын алған жағдайда күшіне енетінін растайды және келіседі: (a) Пайдаланушы Қосымшаны алғаш пайдаланған күні немесе (б) осы Келісімшарт шарттарынмен келіскен күні және Пайдаланушы Қосымшаны пайдаланған уақытта күшінде қалады, егер ол осы Келісімшарт шарттарына сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылмаса.
8.3. Егер Пайдаланушы осы Келісімшартты бір жақты бұзғысы келсе, Қосымшаны мобильді құрылғысынан өшіріп, өз бетінше тоқтата алады.
8.4. Бұл Келісімшартты бұзу Пайдаланушыдан қосымшаны жоюды және оны пайдалануды толығымен тоқтатуды талап етеді. Осы Келісімшарт бұзылғаннан кейін сипаты бойынша сақталуы тиіс барлық ережелері, атап айтқанда, меншік құқығы туралы ережелерді, кепілдік міндеттемелерден бас тартуды және жауапкершілікті шектеуді қоса алғанда, күшінде қалады.
8.5. Осы Келісімшартты бұзу Пайдаланушыны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары, сауда атауын қорғау және т. б. саладағы заңнаманы сақтаудан босатпайды.
9. Басқа да шарттар9.1. Осы Келісімшарттар туындайтын немесе онымен байланысты барлық ықтимал даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.
9.2. Пайдаланушылардың бірі Келісімшарт ережелерін бұзған жағдайда Жеткізуші тарапынан әрекет етпеу Жеткізушіні өз мүдделерін қорғау және заңнамаға сәйкес қорғалатын қосымша материалдарға мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қорғау үшін кейіннен тиісті іс-әрекеттер жасау құқығынан айырмайды.
9.3. Қосымшаны Жеткізуші Пайдаланушының дербес деректерінің және ҚР қолданыстағы заңнамасымен құпия деп саналған меншік иесі туралы өзге де ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
9.4. Қосымшаны Жеткізуші табиғи апаттар, соғыстар, терроризм, тәртіпсіздіктер, эмбарго, азаматтық немесе әскери биліктің әрекеттері, өрттер, су тасқыны, жазатайым оқиғалар, ереуілдер немесе көлік құралдарының, отынның, энергияның, жұмыс күшінің жетіспеушілігін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, ақылға қонымды бақылаудан тыс себептерден туындаған кез келген кідірістерге немесе қызметті көрсете алмағандығына жауапты болмайды.
9.5. Қосымшаға қатысты барлық сұрақтарды, шағымдар мен талаптарды Пайдаланушы support@voltau.kz поштасына жазып, қолдау қызметіне жолдай алады.
9.6. Осы Келісімшарттың қандай да бір жағдайларынан бір жағдайда бас тарту немесе орындамау, кез келген басқа жағдайда кез келген басқа шарттарынан бас тарту болып саналмайды.