БОНУСТЫҚ КВТ·САҒ ЕЩЕПТЕУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ОФЕРТА

БОНУСТЫҚ КВТ·САҒ ЕЩЕПТЕУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ
ОСЫ ЖАРИЯ ОФЕРТА (ӘРІ ҚАРАЙ — «ОФЕРТА») VOLTAU ЖЕЛІСІНІҢ ҚУАТТАУ СТАНЦИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ БОНУСТЫҚ КИЛОВАТТ-САҒАТТАРДЫ (КВТ·САҒ) ЕЩЕПТЕУ АКЦИЯСЫНА ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫН АНЫҚТАЙДЫ.
АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ОСЫ ОФЕРТА ШАРТТАРЫМЕН ТОЛЫҚ ЖӘНЕ СӨЗСІЗ КЕЛІСУ БОЛЫП САНАЛАДЫ.
Осы жария оферта (әрі қарай — «Оферта») Voltau желісінің қуаттау станцияларын пайдалану кезінде бонустық киловатт-сағаттарды (кВт·сағ) есептеу акциясына жеке тұлғалардың қатысу шарттарын анықтайды. Акцияға қатысу осы Оферта шарттарымен толық және сөзсіз келісу болып саналады.

1. Жалпы ережелер
1.1. Акцияны ұйымдастырушы — Secret EV, Voltau қуаттау станциялары желісінің операторы.
1.2. Акция 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) өткізіледі.
1.3. 2025 жылғы 31 желтоқсанда қорытынды шығарылады.
1.4. Бонустар 2025 жылғы желтоқсан айындағы тұтыну қорытындысы бойынша киловатт-сағат (кВт·сағ) түрінде есептеледі.
1.5. Бонустық кВт·сағ есептеу 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін жүргізіледі.

2. Акция қатысушылары
2.1. Акцияға тек Voltau SR мобильді қосымшасының тіркелген қолданушылары ғана қатыса алады.
2.2. Арнайы тарифтерді қолданатын пайдаланушылар акцияға қатыспайды, оларға бонустық кВт·сағ есептелмейді.

3. Бонустарды алу шарттары
3.1. 2025 жылғы 1–30 желтоқсан аралығында пайдаланушы Voltau желісінің кез келген қуаттау станциясында 200 кВт·сағ-тан астам көлемде қуатталуы тиіс.
3.2. Шарт орындалған жағдайда Қатысушыға 2025 жылғы желтоқсан айындағы жалпы тұтынылған кВт·сағ көлемінің 26% мөлшерінде бонустық кВт·сағ есептеледі.
3.3. Бонустар тек киловатт-сағат түрінде беріледі.
3.4. Бонустарды есептеу акция аяқталғаннан кейін 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.

4. Бонустық кВт·сағ пайдалану тәртібі
4.1. Акцияға қатысу үшін қажетті энергия кез келген Voltau станцияларында алынуы мүмкін.
4.2. Бонустық кВт·сағ пайдалану тек рұқсат етілген станцияларда қолжетімді.
4.3. Бонустар келесі станцияларда жарамсыз:
  • Voltau № 1 — Жолдасбеков көш., 9/3
  • Voltau № 44 — Зейін Шашкин көш., 1а/1
  • Voltau № 48 — Жамақаев көш., 2/1
  • "Селин" ТК
4.4. Бонустық кВт·сағ жарамдылық мерзімі — есептелген күннен бастап 3 (үш) ай.
4.5. Бонустық кВт·сағ:
  • қолма-қол ақшаға айналдыруға;
  • үшінші тұлғаларға беруге;
  • ақшалай қаражатқа конвертациялауға жатпайды.

5. Қосымша шарттар
5.1. Акция басқа акциялармен, жеңілдіктермен немесе арнайы ұсыныстармен қосылмайды.
5.2. Акцияға қатысу үшін бөлек тіркелу талап етілмейді — осы Оферта шарттарына сәйкес келу жеткілікті.
5.3. Ұйымдастырушы өзіне келесі құқықтарды қалдырады:
  • акция шарттарына өзгерістер енгізу;
  • акцияны тоқтата тұру;
  • бұзушылықтар немесе теріс пайдаланушылықтар анықталған жағдайда бонустарды есептеуден бас тарту.
5.4. Барлық сұрақтар мен өтініштер Voltau SR қосымшасындағы қолдау қызметі арқылы қабылданады.

6. Ұйымдастырушы
Secret EV
Акцияның әрекет ету мерзімі: 2025 жылғы 1 желтоқсан — 30 желтоқсан.
Реквизиты
БИН: 230940038482
Мекенжайы: Алматы қ., Емцов көш., 22
ИИК: KZ42601A861022646801
в АО "Народный банк Казахстана"
БИК Банка: HSBKKZKX